Мерекем Наурыз
Сөзі мен муз. Назарова Гаухар Кабиевна, № 7-ші Құрманғазы атындағы балалар музыка мектебі, Республика Казахстан, город Алматы
Аранжировка Тугаев Д.Ж.
1) Наурыз келді
Жасыл жайлау көгерді
Етегінде жайлаудың
Қозы-лақтар секірді.
Қ-сы:
Мерекем Наурыз
Көктемім Наурыз
Гүлденген Наурыз
Әз Наурыз
2) Жылбасы Наурыз
Ұлы күні ұлыстың!
Жасарады жер беті
Күн мен түні теңелді.
Қ-сы:
3) Жеті тағам түрінен
Дәм татады көжеден
Татулықпен жарасып
Ауыл-аймақ көрісіп
Ұстаз ұлағатты ұғым!
«Адамның адамшылығы — жақсы ұстаздан» — деп ұлы Абай айтқандай мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушылардың болашақ азығы. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезде ұлттың елдің болашағы жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуде. Сондықтан ұстаз болу — жүректің батырлығы деп айтуға болады. Осы орайда аздап өзім жайлы айтарым бар еді: 2016 жылдан бастап өлең жазамын, кейбір өлеңдерімен музыкасында арнадым. Балаларға хорға арнап жазған өлеңім бар музыкасымен, Наурыз мерекесіне арнап жазылды. Концертте Наурыз мерекесінде орындалды. Көптеген өнер иесі, халқымыздың бұлбұлы Бибігүл Төлегеноваға да музыкасымен арнап жазған өлеңім бар. Елбасында 11 өлең жолдарын арнадым және алғыс хаттарым бар.
2016 жылдан бастап авторлар қоғамында барымын. Болашақта тағыда жас ұрпаққа өлеңдер жазсам деген алдымда мақсатым бар. «Бесік жыры» деп 11 шумақ өлеңім «Өркен журанлында жарық көрді. Тұсау кесерде арналаған өлеңім үнтаспада ұсынып отырмын. «Ғұмыр берсін, Аман бол, Ғарышкер ақын ғалым бол» бұл өлеңде ата-дәстүріміз 1 жасқа толған баланың тұсауын ала жіппен, малдың тоқ ішегімен және көк шөппен кестірген. Ақ батасын беріп той жасағн салтымызға арналып жазылған.
№ 7 Құрманғазы атындағы музыка мектебінде 20 жыл дәріс беріп келе жатырмын. Оқушыларға дәріс берумен қатар, өз творчестваммен де жұмыс жасап жатырмын.
- Войдите, чтобы оставлять комментарии
- 74 просмотра